24 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Ал батыс пен оңтүстіктің кей аумақтарында шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана: Күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C. Солтүстік-шығыстан соққан жел түнде 2–7 м/с, күндіз 5–10 м/с болады.
Алматы: Бұлт аралас ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы – 3–8 м/с.
Шымкент: Бұлт аралас ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 8–13 м/с.
Абай облысы: Түнде облыстың оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде ауа температурасы +5…+10°C, оңтүстікте +23°C, күндіз +15…+20°C, батыста шамамен +12°C болады. Солтүстік-батыстан және солтүстіктен 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысы: Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде +3…+8°C, күндіз +18…+23°C. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Ақтөбе облысы: Жауын-шашын күтілмейді. Түнде +4…+9°C, оңтүстігі мен батысында +12…+17°C, күндіз +22…+27°C. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз оңтүстігі мен шығысында екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.
Алматы облысы: Күндіз тау бөктері мен таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+15°C, тауда +2…+7°C, күндіз +24…+29°C, таулы аудандарда +14…+19°C. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Атырау облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Түнде +15…+20°C, күндіз +27…+32°C. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз кей жерлерде 15–18 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы: Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Түнде +2…+7°C, оңтүстігінде +12°C, күндіз +15…+20°C, тауда шамамен +12°C. Желдің жылдамдығы – 9–14 м/с.
Жамбыл облысы: Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+15°C, тауда шамамен +5°C, күндіз +23…+28°C, таулы аудандарда +20°C. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні солтүстік-шығысы мен таулы аудандарда 15–20 м/с-қа жетеді.
Жетісу облысы: Жауын-шашынсыз. Түнде +10…+15°C, орталығы мен таулы өңірлерде +0…+5°C, күндіз +23…+28°C, тауда шамамен +20°C. Күндіз шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысы: Жауын-шашынсыз. Түнде +13…+18°C, шығысында шамамен +10°C, күндіз +26…+31°C. Күндіз солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысы: Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Түнде +4…+9°C, оңтүстігінде +13…+18°C, күндіз +15…+20°C, оңтүстігінде +23°C-қа дейін жылынады. Оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қостанай облысы: Күндіз солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде +5…+10°C, оңтүстігінде шамамен +13°C, күндіз +20…+25°C. Күндіз солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Қызылорда облысы: Жауын-шашынсыз. Күндіз солтүстігінде, шығысында және орталығында шаңды дауыл болады. Түнде +10…+15°C, күндіз +23…+28°C. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау облысы: Жауын-шашынсыз. Солтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Түнде +17…+22°C, солтүстік-шығысында шамамен +14°C, күндіз +30…+35°C, солтүстік-батысында +27°C-қа дейін. Батысы, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысы: Күндіз солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман түседі. Түнде +5…+10°C, күндіз +17…+22°C. Солтүстік-батыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысы: Түнде солтүстігі мен шығысында, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Түнде +6…+11°C, оңтүстігінде шамамен +3°C, күндіз +17…+22°C. Күндіз желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысы: Таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігінде шаңды дауыл болады. Түнде +12…+17°C, тауда шамамен +9°C, күндіз +25…+30°C, таулы аудандарда шамамен +21°C. Батысында, солтүстігінде және таулы аудандарда желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Ұлытау облысы: Жауын-шашынсыз. Түнде +8…+13°C, күндіз +20…+25°C. Солтүстігі мен оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.