Malim.kz
MALIMet

24 қыркүйекте туған танымал тұлғалар кімдер

Алуа Әшірбекова
Фото: malim.kz

24 қыркүйекте Қазақстан мен әлемге танымал бірқатар өнер иесі дүниеге келген. Олардың қатарында қазақстандық әнші мен актриса, кеңестік кино жұлдызы, танымал ақын, сондай-ақ Голливуд актерлері бар, деп хабарлайды Malim.kz. 

Салтанат Бақаева — 39 жаста

Қазақстандық әнші әрі актриса Салтанат Бақаева 1987 жылы 24 қыркүйекте Талғар қаласында дүниеге келген. Ол Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Көрермен оны театр және кино актрисасы ретінде ғана емес, "Арнау" тобының әншісі ретінде де жақсы біледі. 

Наталья Арынбасарова — 80 жаста

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Наталья Арынбасарова 1946 жылы 24 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. Оның әкесі — қазақ. Актриса Қазақстан көрерменіне «Мәншүк туралы ән», «Жәмилә» және «Алғашқы мұғалім» фильмдері арқылы жақсы таныс. «Алғашқы мұғалімдегі» Алтынай рөлі үшін ол 1966 жылы Венеция кинофестивалінде үздік әйел рөліне берілетін Кубок Вольпи жүлдесін иеленген. 2026 жылғы 24 қыркүйекте актриса 80 жасқа толады. («Қазақстан тарихы» порталы⁠)

Лариса Рубальская — 81 жаста

Танымал ақын әрі көптеген ән мәтіндерінің авторы Лариса Рубальская 1945 жылы 24 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. Ол әдебиетпен қатар жапон тілінен аудармашы болып жұмыс істеген. Рубальскаяның өлеңдеріне жазылған әндерді ТМД елдеріндегі бірнеше буын тыңдарманы жақсы біледі. 2026 жылы оған 81 жас толады. 

Влад Соколовский — 35 жаста


 

Ресейлік әнші, биші және актер Влад Соколовский 1991 жылы 24 қыркүйекте Мәскеуде туған. Ол көрерменге "Фабрика звёзд-7" жобасы мен "БиС" дуэті арқылы кеңінен танылды. Бұған дейін Алла Духованың «Тодес» балетінде өнер көрсеткен. Кейін жеке шығармашылық жолын жалғастырды. 

Кевин Сорбо — 68 жаста

Америкалық актер Кевин Сорбо 1958 жылы 24 қыркүйекте дүниеге келген. Қазақстандық көрерменнің көбі оны 1990-жылдары танымал болған "Гераклдың таңғажайып саяхаттары" телехикаясындағы Геракл рөлі арқылы біледі. Кейін актер "Андромеда" сериалында капитан Дилан Ханттың рөлін сомдады. 

Ниа Вардалос — 64 жаста

Канадалық-америкалық актриса әрі сценарист Ниа Вардалос 1962 жылы 24 қыркүйекте Виннипег қаласында дүниеге келген. Оған әлемдік танымалдықты "Менің үлкен грек тойым" романтикалық комедиясы әкелді. Вардалос фильмнің сценарийін жазып, басты рөлді өзі сомдаған. Картина үшін ол "Оскар" сыйлығының үздік түпнұсқа сценарий номинациясына ұсынылды. 

Иэн Боэн — 50 жаста

Америкалық актер Иэн Боэн 1976 жылы 24 қыркүйекте Калифорнияда дүниеге келген. Ол әсіресе "Teen Wolf" сериалындағы Питер Хейл және "Yellowstone" жобасындағы Райан рөлдерімен танымал. Сондай-ақ актер "Перл-Харбор", "Қара рыцарь: Аңыздың қайта оралуы
және басқа да танымал жобаларға түскен. 24 қыркүйекте ол 50 жасқа толады. 

Бен Платт — 33 жаста

Америкалық актер әрі әнші Бен Платт 1993 жылы 24 қыркүйекте Лос-Анджелесте дүниеге келген. Кино көрермені оны "Pitch Perfect" фильмдеріндегі Бенджи рөлі арқылы таниды. Ал Бродвейдегі "Dear Evan Hansen" мюзикліндегі басты рөлі оған "Тони" сыйлығын әкелді. Сонымен қатар ол «Грэмми» және күндізгі "Эмми" жүлделерінің иегері. 

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары