Malim.kz
MALIMet

26 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

26 қыркүйекте Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік пен шығыста күн салқындап, кей жерлерде үсік байқалса, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін, деп malim.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыстан келген антициклон әсер етеді. Шығыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр мен найзағай күтіледі. Таулы аудандарда жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Бірқатар облыста жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі. (Казгидромет)

Астана. Түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы +4…+6 градус болады. Күндіз жауын-шашын тоқтап, +11…+13 градусқа дейін жылынады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін. 

Алматы. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде +11…+13, күндіз +21…+23 градус. Жел 3–8 м/с. 

Шымкент. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +12…+14, күндіз +23…+25 градус. Жел екпіні 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. 

Ақмола облысы. Түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Кей жерде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Температура түнде +2…+7, күндіз +10…+15 градус. Көкшетауда түнде шамамен +2…+4, күндіз +13…+15 градус болады. 

Абай облысы. Облыстың жекелеген аудандарында жаңбыр жауып, тұман түседі. Түнде шамамен +5…+10, шығыста +2 градусқа дейін салқындайды. Күндіз +15…+20 градус, кей аудандарда +12 градус шамасында болады. Семейде түнде +4…+6, күндіз +17…+19 градус күтіледі. 

Ақтөбе облысы. Негізінен жауын-шашынсыз. Солтүстікте тұман болуы мүмкін. Түнде +2…+7, оңтүстікте +10 градус, күндіз +15…+20, оңтүстікте +23 градусқа дейін жылынады. Жел екпіні кей жерде 15–20 м/с болады. Ақтөбеде күндіз +17…+19 градус. 

Алматы облысы. Оңтүстік пен таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +8…+13, тауда 0…+5 градус. Күндіз +20…+25, таулы жерлерде +10…+15 градус. Қонаевта жауын-шашынсыз, күндіз +24…+26 градус шамасында. 

Атырау облысы. Жауын-шашынсыз. Батыс пен солтүстікте тұман түсуі ықтимал. Түнде +12…+17, күндіз +22…+27 градус. Атырау қаласында күндіз +22…+24 градус болады. 

Батыс Қазақстан облысы. Жауын-шашынсыз, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Түнде +10…+15, облыстың оңтүстігінде +18 градусқа дейін, күндіз +20…+25 градус. Оралда түнде +10…+12, күндіз +21…+23 градус. 

Жамбыл облысы. Батыс, оңтүстік және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +10…+15, тауда +5 градус, күндіз +20…+25, тауда +17 градус. Жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Таразда түнде +10…+12, күндіз +21…+23 градус. 

Жетісу облысы. Шығыс пен таулы аудандарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде +7…+12, тауда +2 градус, күндіз +18…+23, тауда +15 градус шамасында. Шығыста жел екпіні 15–20 м/с болуы мүмкін. Талдықорғанда күндіз шамамен +23…+25 градус. 

Қарағанды облысы. Түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр жауып, батыс пен солтүстікте тұман түседі. Түнгі температура +2…+7 градус. Күндіз жауын-шашынсыз, +11…+16, оңтүстікте +19 градусқа дейін. Қарағандыда түнде жаңбыр жауып, күндіз +12…+14 градус болады. 

Қостанай облысы. Жауын-шашынсыз, солтүстікте тұман. Түнде +2…+7, оңтүстікте +10 градус, солтүстікте үсік болуы ықтимал. Күндіз +13…+18, оңтүстікте +22 градусқа дейін жылынады. Қостанай қаласында күндіз +14…+16 градус. 

Қызылорда облысы. Шығыс пен орталық бөлікте жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с-қа дейін күшейіп, солтүстік, шығыс және орталық аудандарда шаңды дауыл күтіледі. Түнде +8…+13, күндіз +22…+27 градус. Қызылорда қаласында күндіз +24…+26 градус шамасында. 

Маңғыстау облысы. Батыс пен оңтүстікте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыс пен солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Түнде +15…+20, күндіз +25…+30 градус. Ақтауда түнде +17…+19, күндіз +25…+27 градус шамасында. (Казгидромет)

Павлодар облысы. Түнде батыс пен оңтүстікте жаңбыр, батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Күндіз жауын-шашынсыз. Түнде +3…+8, күндіз +12…+17 градус. Желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Павлодарда күндіз +14…+16 градус. (Казгидромет)

Солтүстік Қазақстан облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман түседі. Түнде 0…+5 градус, кей жерде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз +10…+15 градус. Петропавлда түнде 0…+2 градус, топырақ бетінде -3 градусқа дейін үсік, күндіз +13…+15 градус. 

Түркістан облысы. Батыс, солтүстік және таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал. Түнде +12…+17, тауда +8 градус, күндіз +23…+28, тауда +20 градус. Түркістан қаласында күндіз шамамен +24…+26 градус. 

Ұлытау облысы. Шығыс және орталық аудандарда жаңбыр күтіледі. Түнде +8…+13, күндіз +18…+23 градус. Солтүстік пен шығыста жел екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін. Жезқазғанда түнде +11…+13, күндіз +18…+20 градус шамасында. 

Шығыс Қазақстан облысы. Түнде оңтүстікте жаңбыр, шығыс пен таулы аудандарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Солтүстік пен шығыста тұман болады. Түнде +1…+6, оңтүстікте +9 градус, күндіз +15…+20, таулы аудандарда +10 градус. Өскеменде түнде +2…+4, күндіз +17…+19 градус шамасында. 

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары