Malim.kz
Спорт

263 млн теңге: Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы алтыны үшін қанша ақша жұмсалғаны мәлім болды

Мадияр Қапанбек
Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Михаил Шайдоров

Туризм және спорт министрлігі 2026 жылы Италияда өткен Олимпиада ойындарына қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты дайындауға жұмсалған қаражат көлемін жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік мәліметінше, 2025 жылы спортшының Олимпиадаға дайындығына жалпы 263 394 581 теңге бөлінген.

Қаржы қалай жұмсалды?

Сонымен қатар, Шайдоров әлем чемпионаттары мен Азия ойындарындағы жоғары нәтижелері үшін 6 694 581 теңге көлемінде бір реттік сыйақы алған. Ал жаттықтырушылар штабына 1 506 040 теңге қосымша төлем жасалған.

Осылайша, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының Олимпиадаға дайындық шығындары 2025 жылы шамамен 263,4 млн теңгені құраған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары