Malim.kz
MALIMet

27 қараша – кімнің туған күні?

• Алуа Әшірбекова
Фото-коллаж: malim.kz\ ЖИ арқылы өңделген

27 қарашада Қазақстан мен әлемнің мәдениет, өнер, спорт және ғылым салаларына үлес қосқан бірқатар танымал тұлғалар дүниеге келген. Malim.kz осы күні туған азаматтар туралы мәлімет ұсынады.

Бауыржан Абдубайытов (1959)

Қазақстан футболының дамуына үлес қосқан спорт қайраткері. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетін тәмамдаған. Кәсіпкерлік және спортты басқару салаларында еңбек еткен. Қазақстан футбол федерациясының атқару комитетінің құрамында болып, әйелдер футболының дамуына атсалысқан. Бүгін 67 жасқа толды.

Қалиолла Сейтенов (1967)

Қазақстандық заңгер, заң ғылымдарының докторы, профессор. Ақмола облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында және жоғары оқу орындарында қызмет атқарған. 150-ден астам ғылыми еңбектің, оқулықтар мен әдістемелік құралдардың авторы. Бүгін 59 жасқа толды.

Брюс Ли (1940–1973)

Әлемге әйгілі актер, жекпе-жек өнерінің шебері. АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында дүниеге келген. "Қаһар жұдырығы", "Айдаһардың шығуы" секілді фильмдері арқылы танылған. Шығыстың жекпе-жек өнерін әлемге танытып, кино тарихында өшпес із қалдырды. Биыл туғанына 86 жыл толды.

Джими Хендрикс (1942–1970)

Америкалық музыкант, әнші, композитор және гитара шебері. Рок музыкасының дамуына зор ықпал етіп, электрогитарада ойнаудың өзіндік үлгісін қалыптастырған. "Purple Haze" және "All Along the Watchtower" әндері арқылы әлемге танылды. Биыл музыканттың туғанына 84 жыл толды.

Кэтрин Бигелоу (1951)

Америкалық кинорежиссер. Кино тарихында үздік режиссер аталымы бойынша "Оскар" сыйлығын жеңіп алған алғашқы әйел. Бұл марапатқа "The Hurt Locker" фильмі арқылы ие болды. Бүгін режиссер 75 жасқа толды.

Билл Най (1955)

Америкалық инженер, тележүргізуші және ғылымды насихаттаушы. "Bill Nye the Science Guy" телебағдарламасы арқылы кеңінен танылған. Күрделі ғылыми құбылыстарды балалар мен ересектерге қарапайым тілмен түсіндіруімен ерекшеленеді. Бүгін 71 жасқа толды.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары