28 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алайда кейбір өңірлерде тұман түсіп, таулы аудандарда қар жаууы мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл болжанып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, алдағы күндері ел аумағындағы ауа райына ауқымды антициклон әсер етеді. Түнде республиканың көп бөлігінде ауа температурасы нөлден төмендейді.
Үш мегаполистегі ауа райы
Астана. Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде −1...−3, күндіз +8...+10 градус.
Алматы. Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел секундына 3–8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде 0...+2, күндіз +12...+14 градус болады.
Шымкент. Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 8–13 метрге жетеді. Түнде +3...+5, күндіз +16...+18 градус жылы болады.
Облыстардағы ауа райы
Абай облысы. Жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде −3...−8, күндіз +4...+9 градус болады.
Ақмола облысы. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде −1...−6, күндіз +5...+10 градус болады.
Ақтөбе облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Түнде −1...−6, облыстың оңтүстігінде +2 градус, күндіз +13...+18 градус болады.
Алматы облысы. Түнде таулы аудандарда аздаған қар жауады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Түнде ауа температурасы 0...+5, таулы аудандарда −5...−10 градус болады.
Атырау облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде 0...+5, облыстың шығысында −3 градус, күндіз +15...+20 градус күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде −1...−6, облыстың батысы мен оңтүстігінде +3 градус, күндіз +13...+18 градус болады.
Жамбыл облысы. Жауын-шашынсыз. Таулы аудандарда тұман түседі. Түнде 1–6 градус үсік жүріп, таулы аудандарда температура −6...−11 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +10...+15, таулы аудандарда +6 градус болады. Тауда желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Жетісу облысы. Түнде таулы аудандарда аздаған қар жауады. Облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Түнде 0...+5, таулы аудандарда −5...−10 градус күтіледі.
Қарағанды облысы. Жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде −1...−6, оңтүстікте +2 градус, күндіз +5...+10 градус болады.
Қостанай облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде −4...−9, оңтүстікте −1 градус, күндіз +7...+12 градус болады.
Қызылорда облысы. Жауын-шашынсыз. Күндіз облыстың шығысында және орталығында шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде 0...+5 градус, солтүстік пен орталықта 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Күндіз +12...+17 градус болады.
Маңғыстау облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде +3...+8, облыстың солтүстік-шығысында −2 градус, күндіз +15...+20 градус болады. Облыстың орталығында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Павлодар облысы. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде 0...+5, солтүстікте −3 градус, күндіз +5...+10 градус күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде −1...−6, күндіз +7...+12 градус болады.
Түркістан облысы. Түнде облыстың оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ауа температурасы түнде 0...+5 градус, солтүстікте 3 градусқа дейін үсік жүріп, таулы аудандарда −5 градусқа дейін төмендейді.
Ұлытау облысы. Жауын-шашынсыз. Түнде −1...−6, күндіз +7...+12 градус болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы. Жауын-шашынсыз. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Түнде −3...−8, шығыста және таулы аудандарда −12 градусқа дейін төмендейді. Күндіз +1...+6, таулы аудандарда −3 градус болады.