Malim.kz
Саясат

Ертең Тоқаев Мирзиёевпен Алматыда кездеседі

Сұлу Бөлек

29 наурызда Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.

Фото: Ақорда

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары