Malim.kz
Оқиға

3 литр қан жоғалтқан: Өскеменде 16 жастағы қыз баланы пышақтап кетті

Арман Қайыпхан
Фото: istockphoto.com

Өскемен қаласында 16 жастағы жасөспірім қызға пышақ жарақаты салынуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Оқиға 7 ақпан күні тіркелген. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігінің 11-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, бірнеше сот сараптамасы тағайындалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция мәліметінше, жәбірленушінің өміріне қазіргі таңда қауіп жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірім ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Қабылдау бөлімінде оған пышақ жарақаты және қан қысымының күрт төмендеуі диагнозы қойылды. Тексеру кезінде іш қуысы мен сол қол тұсында жарақат анықталған. Хирургтер іш қуысында шамамен 3 литр қан кеткенін тіркеді. 3,5 сағатқа созылған шұғыл отадан кейін науқастың жағдайы тұрақтандырылды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары