3 қазан – қазақ әдебиеті мен өнерінде із қалдырған тұлғалармен қатар, әлемге әйгілі актерлер, әншілер мен спортшылар дүниеге келген күн. Бүгінгі туған күн иелеріне тоқталайық, деп хабарлайды Malim.kz.
Иса Байзақов (1900–1946) – қазақтың халық ақыны, әнші, домбырашы, композитор әрі алғашқы кәсіби қазақ актерлерінің бірі. Ол суырыпсалма ақындығымен танылып, қазақтың тұңғыш кәсіби театрының қалыптасуына үлес қосты.
Бақытжан Момышұлы (1941–2012) – жазушы және аудармашы, Бауыржан Момышұлының ұлы. 2026 жылы қаламгердің туғанына 85 жыл толып отыр.
Алдан Смайыл (1946) – жазушы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Биыл қаламгер 80 жасқа толып отыр.
Гвен Стефани (1969) – америкалық әнші, ән авторы және No Doubt тобының вокалисі. Кейін жеке шығармашылығын жалғастырып, әлемдік поп-музыканың танымал өкілдерінің біріне айналды. Бүгін әнші 57 жасқа толды.
Златан Ибрагимович (1981) – швед футболының ең танымал өкілдерінің бірі. Кәсіби мансабында Еуропаның бірнеше ірі клубында өнер көрсеткен футболшы бүгін 45 жасқа толып отыр.
Тесса Томпсон (1983) – америкалық актриса. Көрерменге "Creed", "Thor" фильмдері мен "Westworld" телехикаясы арқылы кеңінен танылған. Бүгін актриса 43 жасқа толды.
Алисия Викандер (1988) – швед актрисасы. "The Danish Girl" фильміндегі рөлі үшін "Оскар" сыйлығына ие болған. 3 қазанда актриса 38 жасқа толды.