Malim.kz
MALIMet

3 қазанда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

• Алуа Әшірбекова
Фото: ЖИ арқылы жасалған

3 қазанда Қазақстан аумағына қуатты солтүстік циклон әсер етіп, ауа райы күрт бұзылады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Батыс және солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. Елдің солтүстік жартысында түнгі ауа температурасы кей жерлерде -6°C-қа дейін төмендейді, деп Malim.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Астана: түнде +9…+11°C, күндіз +19…+21°C. Көшпелі бұлтты, күн соңында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Алматы: түнде +9…+11°C, күндіз +22…+24°C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 3–8 м/с.

Шымкент: түнде +12…+14°C, күндіз +27…+29°C. Көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.

Абай облысы: түнде +4…+9°C, күндіз +18…+23°C. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең оңтүстік-батысы мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, батысында, солтүстігінде және орталығында екпіні 15–20 м/с.

Ақмола облысы: түнде +7…+12°C, күндіз +16…+21°C, батысында +12°C шамасында. Түнде батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз батысы мен солтүстігінде жаңбыр, оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, түнде батысында, күндіз батысы, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысы: түнде +1…+6°C, оңтүстігінде +10°C-қа дейін, солтүстік-шығысында -3°C-қа дейін төмендейді. Күндіз +6…+11°C, оңтүстік-шығысында +15°C-қа дейін. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады. Күндіз шығысында кей уақытта жауын-шашын күшейеді. Солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Алматы облысы: түнде +9…+14°C, таулы аудандарда -1…+4°C. Күндіз +21…+26°C, тауда +11…+16°C. Жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с.

Атырау облысы: түнде +2…+7°C, күндіз +7…+12°C. Солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз солтүстігі мен шығысында екпіні 15–18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы: түнде +5…+10°C, шығысы мен таулы аудандарында +2°C-қа дейін. Күндіз +15…+20°C, шығысы мен таулы аймақтарда +12°C шамасында. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр, ал шығысы мен таулы аудандарда жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Жамбыл облысы: түнде +8…+13°C, таулы аудандарда +4°C-қа дейін. Күндіз +22…+27°C, тауда +17°C шамасында. Күндіз таулы аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15–20 м/с.

Жетісу облысы: түнде +7…+12°C, орталығы мен таулы аудандарында -3…+2°C. Күндіз +20…+25°C, тауда +17°C-қа дейін. Жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, шығысында екпіні 15–20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы: түнде 0…+5°C, батысы мен солтүстігінде -3°C-қа дейін. Күндіз +3…+8°C. Жаңбыр мен қар жауады, күндіз солтүстігінде жауын-шашын күшейеді. Солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Қарағанды облысы: түнде +8…+13°C, шығысында +4°C-қа дейін. Күндіз +17…+22°C. Таңертең және күндіз батысында жаңбыр, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында екпіні 15–20 м/с.

Қостанай облысы: түнде +2…+7°C, оңтүстігінде +10°C-қа дейін. Күндіз +5…+10°C, оңтүстігінде +13°C-қа дейін. Жаңбыр мен қар жауады, күндіз батысы мен солтүстігінде жауын-шашын күшейеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Қызылорда облысы: түнде +8…+13°C. Күндіз +20…+25°C, шығысында +28°C-қа дейін, солтүстігі мен батысында +15°C шамасында. Түнде батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі, солтүстігінде, шығысы мен орталығында шаңды дауыл және дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде жылдамдығы 9–14 м/с, солтүстігінде, батысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с. Күндіз жел 15–20 м/с, оңтүстігі, шығысы мен орталығында екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.

Маңғыстау облысы: түнде +8…+13°C, солтүстік-шығысында +4°C-қа дейін. Күндіз +12…+17°C. Түнде жаңбыр жауады, күндіз батысы мен оңтүстігінде жаңбыр сақталады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, батысы мен оңтүстігінде 15–20 м/с.

Павлодар облысы: түнде +4…+9°C, күндіз +18…+23°C, солтүстігінде +15°C шамасында. Жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы: түнде +5…+10°C, солтүстік-шығысында +2°C-қа дейін. Күндіз +11…+16°C. Жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 9–14 м/с, батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Түркістан облысы: түнде +10…+15°C, таулы аудандарда +7°C-қа дейін. Күндіз +25…+30°C, тауда +22°C шамасында. Күндіз батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда екпіні 15–20 м/с.

Ұлытау облысы: түнде +8…+13°C, күндіз +18…+23°C, солтүстігінде +14°C шамасында. Түнде батысы мен солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Күндіз жаңбыр жауып, солтүстігі мен орталығында кей уақытта күшейеді. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз батысында, солтүстігі мен орталығында екпіні 15–20 м/с.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары