30 қазанда ақша айырбастау орындарында доллардың орташа сату бағамы 454-456 теңге аралығында болды, деп хабарлайды Malim.kz.
Қолда бар мәліметке сәйкес, АҚШ валютасын сатып алудың орташа бағамы 449,0-452,29 теңгені, ал сату бағамы 454,18-456,06 теңгені құраған.
Осы бағаммен 1 000 доллар сатып алу үшін шамамен 454 180–456 060 теңге қажет болған. Ал 1 000 долларын теңгеге айырбастаған адам 449 060-452 290 теңге ала алған.
Айырбастау орындарының бағамдары әртүрлі болғандықтан, 1 000 доллар сатып алғандағы айырма 1 880 теңгеге дейін жеткен. Долларды теңгеге өткізгенде бұл айырмашылық 3 230 теңгені құраған.
Валюта айырбастау кезінде таблодағы екі бағанға назар аударған жөн. "Сатып алу" — айырбастау орнының тұрғыннан валютаны қабылдау бағасы, ал "сату" – тұрғынға валютаны ұсыну бағасы.
Бұл көрсеткіштер Астана мен Алматыдағы орташа бағамдарға негізделген. Нақты баға айырбастау орнына және уақытқа қарай өзгеруі мүмкін.