Malim.kz
Оқиға

31 жастағы әйел үшем босанып, 7 баланың анасы атанды

Айбын Атабай
Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы

Шымкент қалалық №2 ауруханасының перзентханасында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды Malim.kz  Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1995 жылы туған Гүлбағира Өтемісқызы жүктіліктің 31-аптасында дәрігерлердің көмегімен үшемді аман-есен өмірге әкелді. 

Мерзімінен бұрын туған сәбилер алғашқы үш тәулік бойы жаңа туған нәрестелердің реанимация және қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. 

Қыз балаға Айым, ал ұл балаларға Нұрасыл, Бекасыл деген есім қойылды. 

– Нәрестелерге тыныс алу қолдауы көрсетіліп, өмірлік маңызды көрсеткіштері тәулік бойы қадағаланды. Кейін олардың жағдайы тұрақталған соң, жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылып, ем-дом мен арнайы күтім жалғасты, - делінген хабарламада.

6 қаңтар күні дүниеге келген үшемдер салмақ қосып, әрқайсысы 2 300 грамға дейін жеткен. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары