Malim.kz
Экономика

4-5 сәуір: Демалыс күндеріне арналған валюта бағамы

Арман Қайыпхан
Фото: Malim.kz

Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамы жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылғы 3 сәуір сағат 17:00-де Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша кешкі сауда жабылды.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 470,40 теңгені құрап, 2,02 теңгеге төмендеді.

Еуро бағамы 545,68 теңге болып, 1 теңгеге өсті.

Ресей рублінің бағамы 5,89 теңгеге дейін көтерілді.

Қытайдағы мереке күніне байланысты юань бойынша сауда болған жоқ.

Айырбастау пункттерінде доллар 469–471,6 теңге аралығында сатып алынып/сатылуда, еуро – 541,5–545,9 теңге, рубль – 5,86–5,99 теңге аралығында.

Ал 3 сәуір таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 472,31 теңге, еуроны 543,72 теңге, рубльді 5,86 теңге деңгейінде белгілеген.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары