Malim.kz
Экономика

4 мамырға арналған валюта бағамы белгілі болды

Сабина Асқарқызы
Michael Sohn / AP

Еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында доллар 459,06 теңгеден сатып алынып, 465,98 теңгеден сатылып жатыр. Еуро бағамы 537,02–546,91 теңге аралығында құбылса, ресейлік рубль 5,85–6,15 теңге шамасында саудалануда. Қытай юані 67,06 теңгеден сатып алынып, 72,74 теңгеден ұсынылуда.

Ал Алматы қаласында доллардың сатып алу бағамы 461,92 теңге болса, сату құны 464,16 теңгені құрайды. Еуро 541,73–546,83 теңге аралығында, рубль 5,94–6,08 теңге шамасында айырбасталып жатыр. Юань бағамы 67,42 мен 70,20 теңге аралығында қалыптасқан.

Сарапшылардың айтуынша, валюта нарығында айтарлықтай өзгеріс байқалмайды, бағам салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде сақталып отыр.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары