Malim.kz
Денсаулық

4 туысын өлтірді деп күдікке ілінген ақмолалыққа қандай жаза қолданылады?

Айбын Атабай
видеодан скриншот

Күдікті ақыл-есі сау емес деп танылуы мүмкін. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді.

Оның сөзінше, қазір тергеу жалғасып, сот-психиатриялық сараптама жүргізіліп жатыр.

Сонымен бірге, Әділовтың айтуынша, күдікті бұған дейін де істі болған. Алайда ақыл-есі сау емес деп танылған.

Психиатриялық сараптаманың қорытындысын күтейік. Соның нәтижесіне сай шешім қабылданады. Егер күдікті сау болса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылады. Ал ақыл-есі сау болмаса, мәжбүрлеп емдеуге жіберіледі. Сараптама нәтижесі сотқа жолданады, – деді ол.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары