Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Malim.kz.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,54 теңгеге түсіп, 480,72 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 485,82 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 477,01 теңгеден сатып алынады, 484,01 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 546,06 теңге, сату - 556,04 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,90 теңге, сату - 6,20 теңге.
- юань: сатып алу - 69,33 теңге, сату - 74,25 теңге.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 478,84 теңгеден сатып алынады, 481,53 теңгеден сатылады. Еуро 545,59 – 551,27 теңге, ал рубль 5,94 – 6,08 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 71,34 теңгеден сатып алынады, 73,70 теңгеден сатылады.