Malim.kz
Оқиға

52 жастағы әйелді он ит талап тастаған

Айбын Атабай
almaty.tv

Алматы облысы тұрғынын он шақты иттің талап жатқаны туралы жазба тарады, деп хабарлайды Malim.kz kazinform.kz-ке сілтеме жасап. 

Желідегі мәліметке сәйкес, оқиға Қарасай ауданында болған.

Алматы облысының полиция департаменті иттердің 52 жастағы әйелге шабуыл жасауына байланысты қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіге қажетті медициналық көмек көрсетілгенін атап өтті.

- Жедел-іздестіру шаралары барысында 60 жастағы иттердің иесі анықталды. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ол заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады департаменттен.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары