Malim.kz
Денсаулық

700-ден астам жас әскерге баруға дайын емес болып шықты

Айбын Атабай
Астана қаласы әкімдігі

Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіров әскердегі жағдайды жақсартуға байланысты түсінік берді.

Бұл тұрғыда әскери бөлімдерге бейнекамераларды орнатуға ерекше мән берілген, бақылау барлық жерде бар. Сонымен қатар, психологтардың жұмысы күшейтілді. Биыл әскерге шақыру кезінде жергілікті психологтармен бірге 700-ден астам жас жігітті анықтадық, яғни олар әскерге дайын емес. Олармен психологтар жұмыс істеді. Жастар өздеріне жайлы ортадан шыққысы келмейді, — деді Қ. Әбубәкіров Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің орынбасары қазір әлемдегі геосаяси жағдайды түсініп, әскер қатарына өздері барып жатқан жастардың қарасы қалың екенін айтты. 

Еске салсақ, Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев әскерге SMS-хабарлама арқылы шақыру қалай ұйымдастырлатынын түсіндірді. 

Болашақ сарбазға SMS-хабарлама келгеннен кейін 3 күннің ішінде шақыру бекетіне бару керек.
28 тамызда Қазақстанда ресми түрде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Әскерден жалтарғандар 1 жылға сотталуы мүмкін. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары