Malim.kz
Оқиға

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Сұлу Бөлек

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) 14:48-де өрт шыққан жерге өртсөндірушілер жіберілгенін айтты.

"Штаб жұмысы ұйымдастырылып, өртті сөндіру үшін бірнеше учаске құрылды", – деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салайық, 5 сәуірде де Алматының Алатау ауданында өрт тіркелген еді. Куәгерлердің айтуынша, үш қабатты жатақхана өртенген. ТЖД баспасөз қызметі бұл оқиға Айгерім-1 шағынауданында болғанын және өрттің 00:21-де сөндірілгенін растаған. Сол кезде де тұрғын үй өртенгені нақтыланған еді.

Фото: 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары