Әкім Радченко Заречныйға Абайдың атын бере ме?

Malim Админ

  • 04.02.2020

Қостанай облысына қарасты Заречный ауылдық округінің атын Абай деп өзгерту керек. Бұндай ұсыныс Қостанай ауданы әкімі Виктор РАДЧЕНКОНЫҢ есеп беру жиынында айтылды.

Аудан орталығы Тобыл қаласында өткен жиында әдеттегідей көпшілік тарапынан сұрақтар аз қойылды. Негізі әкімдер есеп бергенде тек «таңдаулы» көрермендердің жиналуы дәстүрге айналған. Ұсыныс пен сұрақтар да онша көп бола қоймайды. Сондай аз ұсыныстың бірі Заречный аулының атын ауыстыру.

«Заречный ауылының атын Абай деп ауыстыру керек. Алға жылжу деген болады ғой. Менің бұл бастамамды халық қолдайды деп ойлаймын», - деді Жақсылық ЖЕҢІСҰЛЫ атты ақсақал.

Әкім Радченко ол үшін бастамашыл топтан ұсыныс түссе әкімдік оны қарауға даяр екенін айтты. Жақсылық Жеңісұлының сөзінің жаны бар. Қостанай облысымен аттас аудан құрамына 16 ауылдық округ, 3 ауыл және бір қала кіреді. Олардың ішінде аудан орталығы Тобылды айтпағанда 19 елдімекеннің үшеуінің ғана атауы қазақша. Ол – Жамбыл,Майкөл және Айсары ауылдық округі.

Қостанай ауданында Мәскеу, Октябрь, Ульянов, Александр, Владимир атаулы ауылдық округтер бар екен.

Заречный ауылдық округіне Рысбай, Абай, Талапкер, Осиновка және Новоселовка сынды елдімекендер кіреді.

Заңғар Алтай

Фото: kstnews.kz

Байланысты жаналықтар

Соколов-Сарыбай шахтасында жұмысшы қаза болды

11.07.2024

Қостанай облысында бухгалтер 5 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

26.06.2024

Үкімет электр желілерін жөндеу үшін Қостанай облысына 1,3 млрд теңге бөледі

24.06.2024

Пржевальский жылқысы тарихи мекені Қостанай өңіріне оралды

04.06.2024

Қостанай облысында бизнес пен бюджеттік ұйымдар үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

04.06.2024

Қостанай облысында бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы ұрлаған

30.05.2024
MalimBlocks
Соколов-Сарыбай шахтасында жұмысшы қаза болды

Кәсіпорын ұжымы көңіл айтып, сондай-ақ марқұмның отбасына қажетті көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Қостанай облысында бухгалтер 5 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Істе ауырлататын мән-жайлар жоқ.

Үкімет электр желілерін жөндеу үшін Қостанай облысына 1,3 млрд теңге бөледі

Бұл Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандарының тұрғындарын тұрақты электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пржевальский жылқысы тарихи мекені Қостанай өңіріне оралды

Қостанай облысының оңтүстік өңірі - Пржевальский жылқыларының тарихи мекені саналады

Қостанай облысында бизнес пен бюджеттік ұйымдар үшін электр энергиясына тарифтер төмендетілді

Төмендетілген тариф 2024 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қостанай облысында бас бухгалтер мемлекеттік бюджетті алты жыл бойы ұрлаған

Сот үкімімен уәкілетті тұлға 3 жыл 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.