Malim.kz
Экономика

Абай ауданының Архат ауылында су құбыры желісі жаңартылып жатыр

Malim Админ

Абай ауданының Архат ауылында су құбыры желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда жер қазу, құбыр тарту және монтаждау жұмыстары жүргізілуде.


5 арнайы техника мен 15 жұмысшы тартылған. Құрылыс жұмыстары Ұлттық қор қаражаты есебінен қаржыландырылуда. Су желісін жаңарту ауыл тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Дәл осындай жұмыстар жақын арада Кеңгірбай би және Құндызды ауылдық округтерінде де басталады.

Фото: Абай облысы әкімдігі

Malim Админ
Автордың басқа материалдары