Malim.kz
Оқиға

Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 4 адам қаза тапты

Арман Қайыпхан
Фото: Абай облысының ПД баспасөз қызметі

Абай облысында жол апаты болды. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Malim.kz.

2026 жылғы 19 ақпанда сағат 15:25-те «102» арнасы арқылы полицияға республикалық маңызы бар Омбы – Майқапшағай автожолында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған автожолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылының маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt маркалы автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты, тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алды. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары