Қайғылы жағдай бүгін, 27 сәуір күні, Бородулиха ауданындағы Орлов өндірістік кешені аумағында болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Шахтада тау жыныстары опырылып, алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорынның екі жұмысшысы үйінді астында қалған.
Ер адамдардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Екіншісі тірі, оған қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды, – деп хабарлады Абай облысы Полиция департаменті.