Абай облысында орналасқан Kaz Minerals шахтасында қайғылы оқиға болып, бір жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға Бородулиха ауданында 19 наурызға қараған түні болған.
Полиция мәліметінше, шахтада жүргізілген жарылыс жұмыстарынан кейін көмірқышқыл газының мөлшері күрт артқан.
Таңертең екі жұмысшы шахтаға түсіп, ес-түссіз күйде табылған. Оларға көмек көрсетуге барған учаске бастығы да газға уланып қалған.
Салдарынан жұмысшылардың бірі қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс жүргізіп жатыр.