Malim.kz
Құқық

Абайлаңыз: жалған билет жарға жықпасын!

Айгүл Таңатар
https://ticketon.kz

Алматыда алаяқтар әлемдік жұлдыз Канье Уэсттің алдағы концертіне жалған билеттерді заңсыз сатпақ болған.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында концерт билеттерін сататыны туралы хабарландыру жариялаған жас жігіт анықталған. Полицияның жедел әрекетінің арқасында оның заңсыз әрекетінің жолы кесіліп, ешбір адамды алдап үлгермеген.

Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын концерт билеттерін тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары