Malim.kz
Спорт

Әбиба Әбужақынова Grand Slam турнирінде қола жеңіп алды

Сұлу Бөлек

Абиба Әбужақынова дзюдодан Grand Slam турнирінде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті өнер көрсетіп, қола медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Спортшы жартылай финалға дейін жетіп, қытайлық Вэньне Чжуанға жол берді. Қола медаль үшін белдесуде ол өзбекстандық Улбусин Хакимовамен кездесіп, қарсыласын уақытынан бұрын жеңді — Әбужақынова ұтымды тәсілмен оны ұстап тұрып, таза жеңіске жетті.

Фото: olympic.kz 

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары