Malim.kz
Саясат

Әбілязовпен байланысы болуы мүмкін бельгиялық бизнесменге іздеу жариялады

Айбын Атабай
Qamqor.gov.kz

Қазақстанның Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі бельгиялық кәсіпкер әрі инвестор Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жариялады. Бұл туралы ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі порталында жарияланды.

Фрэнк Джозеф Монстрейге іздеу жарияланғаны туралы ақпарат порталда осыдан екі күн бұрын шыққан. Іздеу ісі Астанада тіркелгені хабарланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бастамашы болып, іздеу шараларын ҰҚК жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізіп жатыр. Монстрейдің нақты қандай іс бойынша іздестіріліп жатқаны және оның мәртебесі қандай екені туралы басқа мәліметтер әзірге белгісіз.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары