Malim.kz
Спорт

ӘЧ: Боксшы Бейбарыс Жексен келесі кезеңге өтті

Арман Қайыпхан

Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем біріншілігінің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Ол 1/8 финалда үндістандық Сачинмен кездесті.

Бейбарыс гонг үні естіле салысымен қарсыласын тығырыққа тіреді. Екінші раундта да отандасымыз басымдығын сақтап қалды. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Фото: ҰОК

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары