Malim.kz
Саясат

Әділ Сүбебаев Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болды

Айбын Атабай
Ақорда

Мемлекет басшысының өкімімен Әділ Мәлікұлы Сүбебаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сүбебаев қазақстандық әскери қайраткер, полковник. 
Сондай-ақ Қайрат Сапарбекұлы Дәуітов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. 


Қайрат Сапарбекұлы 1971 жылы туған. Қазақстан армиясында әскери қызмет атқарады. 2024 жылғы 24 қыркүйекте Мемлекет басшысының шешімімен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.Әуе қорғанысының дамуына және әскердің жауынгерлік дайындығына басшылық етті.  

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары