Malim.kz
Спорт

Әділет Ахметғали Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

• Алуа Әшірбекова
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстандық Әділет Ахметғали Жапонияның Айчи префектурасында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында кураштан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

81 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол Өзбекстан өкілі Ахрор Зиёдуллаевқа 0:10 есебімен есе жіберді. Осы нәтижемен Әділет Ахметғали Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Бұған дейін қазақстандық спортшы ширек финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Х. Сунгты 10:0 есебімен жеңген еді.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары