Malim.kz
Спорт

Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметінен кетті

Арман Қайыпхан

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кетті, деп хабарлайды Malim.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін федерацияда кезектен тыс жиын өтіп, Барменқұлов орнынан кететінін айтқан.

Әділет Барменқұлов ҚФФ-ға 2022 жылы президент болып сайланған еді. Ол Әділбек Жақсыбековті алмастырған болатын.

Экс-президенттің тұсында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу кезеңінде тәуір өнер көрсетіп, жолдама алуға сәл жақын қалды. Алайда, шешуші сәтте Адиев жаттықтырған құрама Словенияға есе жіберді. Кейін қосымша ойында Грекияға жол берді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары