Malim.kz
Саясат

АЭС құрылысы келесі жылы басталады – Тоқаев

Айбын Атабай
Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысы келесі жылы басталатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент Қазақстанның әлемде уран өндіру бойынша көшбасшы екенін және қажетті ядролық инфрақұрылымға ие екенін еске салды. Осыған байланысты атом энергетикасын таңдау дұрыс шешім болғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы бұл бастаманы 2024 жылғы тарихи референдумда халық та қолдағанын айтты.

«Бұл – елдің энергетикалық егемендігінің кепілі, болашақтағы энергияны көп қажет ететін цифрлық экономиканың сенімді негізі. Келесі жылы алғашқы атом электр станциясының құрылысы басталады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары