Malim.kz
Шоу-бизнес

"Ағылшынша білмейтін жігітпен сөйлеспейді": Баян Алагөзова қызының талабын айтты

Алуа Әшірбекова
Баян Алагөзова мен Айару Бақытбек. Фото-коллаж: malim.kz

Продюсер Баян Алагөзова қызы Айару Бақытбектің болашақ жігітіне қоятын талаптары туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Аман Тасығанға берген сұхбатында продюсер қызы үшін жігіттің білімі мен дүниетанымы маңызды екенін жеткізді. Оның сөзінше, Айару ағылшын тілін білмейтін жігітпен сөйлеспейді.

"Ол ағылшынша сөйлей алуы керек. Толстой мен Достоевскийдің шығармаларын оқыған азамат болуы қажет", – деді Баян Алагөзова.

Продюсердің айтуынша, қызының болашақ серігіне қоятын талаптарының бірі – жан-жақты, білімді әрі интеллектуалды болуы.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары