Malim.kz
Оқиға

Аягөзде жалғызбасты көпбалалы ананың үйі өртке оранды

Айбын Атабай
видеодан скрин

Абай облысы Аякөз қаласында өрт оқиғасы тіркелді. Жаңа көшеде орналасқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz Sn.kz ақпарат порталына сілтеп. 

Алдын ала мәлімет бойынша, аталған баспана мемлекет тарапынан жалғызбасты көпбалалы анаға жалға берілген.

Өрт шыққан сәтте алғашқы болып көрші тұрғындар көмекке келген.

Олар қолда бар өрт сөндіргіш құралдарды пайдаланып, жалынды ауыздықтауға тырысқан. Кейін оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, тілсіз жау толықтай сөндірілді. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында өрттің кең көлемде таралуына жол берілмеді.

Абырой болғанда, адам шығыны тіркелген жоқ. Алайда үй қатты зақымданып, отбасы уақытша баспанасыз қалды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдай кезінде бейжай қалмай, бір-біріне қолдау көрсеткен тұрғындарға алғыс білдірілді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары