Malim.kz
Оқиға

Аяғы сынып далада бес күн түнеген малшы қар жеп аман қалған

Айбын Атабай
видеодан скрин

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары далада 5 күн жатқан малшыны құтқарды. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

Малшының жоғалғаны туралы хабар 21 наурызда түскен. 17 наурыз күні 1969 жылы туған ер адам Абай облысының Абай ауданындағы шаруа қожалығынан мал іздеуге атпен шығып, қайта оралмаған. Оның орналасқан жері белгісіз болып, телефоны сөндірулі болған.

“Іздеу жұмыстарына жоғары өтімді техникамен ТЖМ күштері, полиция қызметкерлері және туыстары жұмылдырылды. Бүгін таңертең іздеу тобы ер адамды далада тауып алды. Малшыға ыстық шай беріліп, жарақаттанған аяғы таңылып, медициналық көмек көрсету үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді”, – делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, бес күн бұрын ол далада жатқан атты байқап қалған. Жануарды тұрғызуға көмектеспек болған сәтте ер адам аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Осыдан кейін ат иесінен алыстап кеткен, ал ол далада жалғыз қалған. Осы уақыт бойы ол қар жеп күн көрген.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары