Шығыстанушы Қуанышбек Қари Иран басшысы Аятолла әл Хаменеидің өліміне қатысты жұмбақ көп деп санайды.
Оның пікірінше, Иранның мүфтиі кейінгі күндері ел алдына шықпаған, әрі бункерде жатыр деген әңгіме де бар. Тіпті өзіне жақын шенеуніктердің өзі Хаменеимен кездесуге көздері байланып жеткізген. Ендеше, Иран мүфтиінің қауіпсіз орынды тастап, нөкерлерімен не себепті кездескені белгісіз. Тіпті, түсініксіз деп айтуға болады.