27 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жел күшейеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Астана
Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде –1…–3°C, күндіз +7…+9°C болады. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
Алматы
Күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде –1…–3°C, күндіз +11…+13°C күтіледі. Желдің жылдамдығы — 3–8 м/с.
Шымкент
Жауын-шашын болжанбайды. Түнгі температура +3…+5°C, күндіз +14…+16°C болады. Желдің жылдамдығы — 8–13 м/с.
Ақмола облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде –1…–6°C, солтүстігінде +2°C, күндіз +5…+10°C болады. Желдің жылдамдығы — 9–14 м/с.
Ақтөбе облысы
Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде –1…–6°C, оңтүстігінде +2°C, күндіз +12…+17°C болады. Солтүстік-шығыстан 7–12 м/с жел соғады.
Алматы облысы
Түнде таулы аудандарда аздаған қар жауады, күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде –1…–6°C, тауда –5…–10°C, күндіз +8…+13°C, тауда 0…+5°C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, тауда екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Атырау облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0…+5°C, шығысында –3°C, күндіз +13…+18°C болады. Шығыстан 9–14 м/сжел соғады. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысы
Жауын-шашын болжанбайды. Түнде –3…–8°C, күндіз +2…+7°C, оңтүстігінде +10°C болады. Шығыстан 9–14 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысы
Күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде –3…–8°C, солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында –12°C-қа дейін суытады. Күндіз +1…+6°C күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады.
Жамбыл облысы
Жауын-шашын күтілмейді, таулы аудандарда тұман түседі. Түнде –3…–8°C, тауда –6…–11°C, күндіз +10…+15°C, тауда +6°C болады. Солтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с, тауда 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Жетісу облысы
Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Таулы аудандарда тұман күтіледі. Түнде –2…–7°C, орталығында –11°C, тауда –11…–16°C болады. Күндіз +8…+13°C, тауда +3°C күтіледі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 23–28 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысы
Жауын-шашын болжанбайды. Түнде –1…–6°C, батысы мен оңтүстігінде +3°C, күндіз +12…+17°C болады. Шығыстан 7–12 м/с жел соғады.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең солтүстік-шығысында аздаған қар аралас жаңбыр жауады. Солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде –1…–6°C, шығысында –9°C, күндіз +4…+9°C болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады.
Қостанай облысы
Жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде –1…–6°C, күндіз +7…+12°C күтіледі. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады.
Қызылорда облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз шығысы мен орталығында шаңды дауыл тұрады. Түнде 0…+5°C, солтүстігі мен орталығында –3°C-қа дейін үсік жүреді. Күндіз +12…+17°C болады. Солтүстік-шығыстан жел 9–14 м/с, шығысы мен орталығында екпіні 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Маңғыстау облысы
Жауын-шашын болжанбайды. Түнде +3…+8°C, солтүстік-шығысында –2°C, күндіз +13…+18°C болады. Шығыстан жел 9–14 м/с, орталығында екпіні 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар облысы
Түнде батысы мен оңтүстігінде аздаған қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түседі. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Түнде 0…+5°C, солтүстігінде –3°C, күндіз +4…+9°C болады. Батыстан 3–8 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысы
Жауын-шашын күтілмейді. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Түнде –1…–6°C, батысында +2°C, күндіз +7…+12°C болады. Батыстан 9–14 м/с жел соғады.
Түркістан облысы
Күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде 0…+5°C, солтүстігі мен батысында –3°C-қа дейін үсік жүреді, тауда –5°Cболады. Күндіз +15…+20°C, солтүстігі мен таулы аудандарында +10°C күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел 8–13 м/с, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.
Ұлытау облысы
Жауын-шашын болжанбайды. Түнде –1…–6°C, күндіз +7…+12°C болады. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.