Malim.kz
Саясат

Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды

Арман Қайыпхан
Ақорда

Құрылтай депутаттары жаңа заң шығарушы органның төрағасы қызметіне Айбек Дәдебайды сайлады, деп хабарлайды Malim.kz.

Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай төрағасы лауазымына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынды.

Депутаттар дауыс беру арқылы оның кандидатурасын қолдап, Айбек Дәдебай жаңа заң шығарушы органның алғашқы төрағасы атанды.

Айбек Дәдебай бұған дейін ҚП Президенті іс басқармасының басшысы, Президент әкімшілігінің жетекшісі секілді лауазымды қызметтерді атқарған еді. Ол маусым айының басында қызметінен босатылып, жаңадан құрылған "Әділет" партиясының төрағасы болып бекітілген еді. 

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары