Malim.kz
Саясат

Айбек Дәдебайдың қандай қызметпен айналысатыны белгілі болды

Сабина Асқарқызы
Ақорда

ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Айбек Дәдебайдың алда қандай қызметпен айналысатыны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы ҚР президентінің кеңесші - баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм-арнасында жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады", - деп жазды Айбек Смадияров.

 Естеріңізде болса, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Ол 2022 жылдың қаңтара айынан бері премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары