Malim.kz
Спорт

Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия біріншігінде үздіктер қатарына қосылды

Сабина Асқарқызы
ҰОК

Көркем гимнастикадан Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Malim.kz.

ҰОК мәліметінше, 25 мамырда жекелей көпсайыстың финалы өтті. Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қорғаған болатын.

Жарыс қорытындысы бойынша Айбота Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал Ақмарал Ерекешева 111,90 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады. Алтын медаль Өзбекстан өкілі Тахмина Икромоваға бұйырды - 115,10 ұпай. Қола жүлдені оның отандасы Наталья Усова жеңіп алды - 112,40. Айта кетейік, бүгін топтық көпсайыстың финалы да өтеді.

Еске сала кетсек, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста күміс жүлдеге ие болған еді.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары