Malim.kz
Шоу-бизнес

"Әйел адамға по-любому керек екен": Мөлдір Мұқан Астанадан пәтер алды

Алуа Әшірбекова
Фото: видеодан скриншот\ЖИ арқылы өңделген

Продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті. Өнер иесі Астананың қақ ортасынан жаңа пәтер алғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz

Мөлдір Мұқан соңғы бір жылда өмірінде көптеген өзгеріс болғанын атап өтті. Оның сөзінше, бәрі тым жылдам жүзеге асып жатыр.

"Білесіздер, жаңа өмір бастағаныма небәрі 1 жыл болыпты. Осы уақыт ішінде өмірім 360 градусқа өзгерді. Өйткені бәрі тез-тез болып жатыр: машина, атақ, әндер, қаралым", – деп жазды ол.

Әнші кейін қыз-келіншектерге қарата жазба жариялап, әйел адамға қорғаныш, мотивация мен сенім қажет екенін айтты.

"Әйел адамға по-любому керек екен ғой, иә, қыздар. Саған қорғаныш, мотивация, сенім беретін…", – деді Мөлдір Мұқан.

Алайда ол бұл сөзінің астарын келесі сторисінде ашып, дәл сол сезімді жаңа баспанасынан тапқанын жеткізді.

"Сол қорғаныш, мотивация, сенімді Астана қаласының қақ ортасынан жаңа пәтер алып, сезініп жатырмын!" – деп сүйіншіледі өнер иесі.

Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығын балаларына әзірге айта алмағанын да жасырмады. "Балаларға айтпағаным қате ме екен?! Айтуға батылым жетпей жатыр", – деп жазды ол.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары