Malim.kz
Оқиға

Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін өмірге әкелді

Malim Админ

Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова екінші сәбиін аман-есен дүниеге әкелді, деп хабарлайды Malim.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.


Желі жұлдызы жеке парақшасында сүйінші жаңалықты жариялады. 

“Біз сені күттік, Бөбегім. Мен тірімін. Бізде бәрі жақсы. Қасымнан табылған жан жарыма рақмет”, – деп жазды блогер. 

Желі қолданушылары блогерлер отбасын жаппай құттықтап жатыр. 

“Бауыр берік болсын”, “Қандай күшті жаңалық”, “Сылдырмақ аға болып жатыр”, “Айжұлдыздың аман-есен жаны қалғанына қуаныштымыз”, “Алла денсаулық берсін”, – деп жазды көпшілік. 

Фото: sn.kz

Malim Админ
Автордың басқа материалдары