Malim.kz
Шоу-бизнес

“Әкелерінен ерте айырылды”: Ләйлә Сұлтанқызы ұлының хатын оқыды

Алуа Әшірбекова
Ләйлә Сұлтанқызы. Фото-коллаж: malim.kz

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында ұлы Сағадаттың мектеп бітірген кезде өзіне жазған хатын оқып берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол көп сөйлемейтін ұлдарының мектеп аяқтаған сәтте жазған хаттарын ерекше естелік ретінде сақтап жүргенін айтты. Алғаш болып Сағадаттың хатын көпшілікке көрсеткен Ләйлә Сұлтанқызы екінші ұлы Сардардың жазбасын жариялау-жарияламауды әлі ойлап жүргенін жеткізді.

"Көп сөзге, артық іске жоқ ұлдарымның мектеп бітіргенде жазғаны. Бұл - Сағадаттыкі. Бірінші бөлім. Сардардың хатын салуды әлі ойланудамын", – деп жазды ол.

Тележүргізуші ұлдарының әкелерінен айырылғаннан кейін мінездері өзгеріп, ерте есейгенін де атап өтті.

"Рас, екеуі де әкелері өмірден өткеннен кейін бірден есейді. Қазір өздерінше маған қорған, қамқор. Құдайдан бір ғана нәрсені тілеймін: тіл-көзден аман, дендері сау болсын", – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары