Malim.kz
Мәдениет

Актер Асқар Наймантаев өмірден өтті

Malim Админ

Елімізге танымал актер, сатирик Асқар Наймантаев 59 жасқа қараған шағында  дүниеден озды.  Ол ауыр дертпен арпалысып жатып өмірден өтті.  

Асқар Әбдіғалымұлы Наймантаев - 1965 жылы 17 маусымда Алматы облысы, Нарынқол ауылында, өнерлі отбасында дүниеге келген.

Ол «Домашние войны», «Бастық боламын», «ОрыStar в Шымкентте», «Детектив әже», «Туысқандар», «Бұйымтай», «Өсекшілер», «Внуки в ауле» комедиялық сериалдарында, Сатыбалды Нарымбетовтың «Аманат», Бақытас Санитастың «Тезек» фильмдерінде ойнады.

Сонымен қатар қазақ эстрадасының сахнасында Асқар Наймантаев «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы көпшілікке танылған.

Айта кетейік, осыдан 1 апта бұрын актер желідегі парақшасында ауруханадағы суретін жариялаған болатын.

Malim Админ
Автордың басқа материалдары