Malim.kz
Құқық

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты. Жүргізуші мас болған

Айбын Атабай
видеодан скрин

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты жаңа дерек белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алматыдағы жол апатында Zeekr автокөлігінің жүргізушісі мас болған.

Сондай-ақ полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал оқиға кезінде қаза тапқан азаматтың қорғаушысы кешенді сараптама жүргізу үшін бейнежазбаларды, қоңыраулар детализациясын талап етіп отыр. 

Қазір Zeekr жүргізушісі мен құқық қорғау органының қызметкері күдікті ретінде қарастырылуда. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары