Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде ерекше бейнежазба жариялап, көпшіліктен құттықтау күтетінін жеткізді. Ал өнер иесінің жұбайы Толқын күйеуіне жүрекжарды тілегін арнады, деп хабарлайды Malim.kz.
Төреғали Төреәлі 34 жасқа толған туған күнін атап өтті. Осыған орай әнші арнайы тренд видео түсіріп, өзінің TikTok парақшасында жариялады.
Өнер иесі бейнежазбаның астына:
"Ал, құттықтай берсеңіздер болады, ағайын!" – деп жазды.
Ал әншінің жұбайы Толқын мерекелік видеода жолдасын туған күнімен құттықтап, оған ақ тілегін жеткізді.
"Бүгін отбасымызда өте ерекше күн. Төремнің төл мерекесі. Алладан Төреме ең бастысы денінің саулығын, ғұмырының берекетін тіледім. Алға қойған мақсаттарына сүрінбей жетіп, ортамызда біздің қамқоршымыз, тірекшіміз болып, аман-есен жарқырап, жайнап жүре берсін", – деді Толқын.
Төреғали Төреәлі кім?
Төреғали Төреәлі – қазақстандық танымал әнші, композитор. Ол 1992 жылы 14 қазанда дүниеге келген. Өнер иесі қазақ эстрадасында өзіндік орындау мәнерімен және лирикалық әндерімен кеңінен танылған.
Әнші "Алло", "Бір түрлі қыз", "Қазақ қызы" және басқа да туындыларымен тыңдарман ықыласына бөленген. Сонымен қатар кино саласында да өнер көрсеткен. Төреғали Төреәлі отбасылы, көпбалалы әке. Өнер иесі шығармашылығымен қатар, отбасылық өміріндегі қызықты сәттерді де әлеуметтік желіде жариялап тұрады.