Malim.kz
Құқық

Алаяқтық іс бойынша бұрынғы ақмолалық шенеунік сотталды

Айбын Атабай
Pexels

Целиноград ауданының прокуратурасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша Талапкер ауылының үлескерлерінің арызына сәйкес «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің директорының әрекеттеріне қатысты кешенді шаралар қабылдады. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасы мәлім етті.

Анықталғандай, 2025 жылдың тамыз айында «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің бұрынғы директоры кәсіпорынға тиесілі аумағы 211 гектар жер учаскесін заңсыз түрде 7 350 000 теңгеге сатып, үлескерлерге ірі мөлшерде залал келтірген.

— Целиноград аудандық сотының 09.01.2025 жылғы үкімімен «Талапкер-ЖТ» ЖШС-нің бұрынғы директоры алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы және қосымша жаза ретінде 4 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары