Malim.kz
Оқиға

Алатау қаласында төтенше жағдай режимі енгізілмек

Арман Қайыпхан

Алатау ауданында төтенше жағдай жарияланбақ, деп хабарлайды Malim.kz. Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртке байланысты жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай енгізу жоспарланып отыр.

Аудан әкімі қаулысының жобасы 2025 жылғы 17 қыркүйекке дейін талқылауға ұсынылған. Құжатқа сәйкес, ТЖ «Азаматтық қорғау туралы» заң мен Төтенше жағдайлардың сыныптамасына сәйкес енгізіледі.

Айта кетейік, Алматы облысындағы қоқыс полигонындағы өрттен шыққан түтін екі тәуліктен бері Алматыға қарай тарап жатыр. Қала тұрғындары күйік иісіне шағымдануда, ал ТЖМ өкілдері сабыр сақтауға шақырады.

Фото: Tengrinews.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары