Malim.kz
Оқиға

Алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша Сауд Арабиясында ұсталды

Сұлу Бөлек

Алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында ұсталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеуге жарияланған. 

2018 жылғы жазда Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген.
Фото: Polisia.kz

Сұлу Бөлек
Автордың басқа материалдары