Malim.kz
Спорт

Александр Бублик ATP 500 турнирінің чемпионы атанды

• Арман Қайыпхан

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 санатындағы турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Финалда ол ресейлік Даниил Медведевті 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңді.

Айта кетейік, бұл — Бубликтің аталған турнирдегі екінші жеңісі. Ол алғаш рет 2023 жылы осы жарыста чемпион атанған болатын.

Фото: olympic.kz

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары